Несиесі кешірілгендер «қара тізімге» ене ме

0
1 745

Кешіру акциясы уақытпен шектелмеген.


Несиесі кешірілгендер «қара тізімге» ене ме

ERNUR.KZ. Кепілсіз тұтынушылық несиесінің бір бөлігі кешірілгендер ешқандай «қара тізімге» алынбайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Кешіру акциясы уақытпен шектелмеген. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясын айтты.

«Кепілсіз тұтынушылық несиесінің бір бөлігі кешірілгендерге қатысты «қара тізім» жоқ. Бұл – мемлекеттік тұрғыда қабылданған бір реттік акция. Оның ешқандай негативті факторы жоқ. Сәйкесінше, несиесі кешірілген адамға да негативті әсері болмайды. Бүгін оның қарызының кешірілуі келешекте басқа несие алуына ешқандай кедергі келтірмейді», - деді Ұлттық банк өкілі.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың борыш жүктемесін жеңілдету туралы Жарлыққа қол қойған болатын.