NESTEVATR: Алматыда ерекше реалити шоу басталды

0
1 244

Қатысушылар бірінші түні еденде ұйықтайтын болады.


NESTEVATR: Алматыда ерекше реалити шоу басталды

ERNUR.KZ. Алматы қаласындағы Панфилов және Жібек Жолы көшелерінің қиылысында «NESTEVATR» реалити шоуы басталды, деп жазады baq.kz.

Енді екі қатысушы Salem Social Media арналарының тікелей эфирінде көрермендермен бірге тапсырма орындап, өмір сүреді. Ең көп лайк жинаған қатысушы жеңіске жетеді.

Екі қатысушы – қарапайым адамдар. Абылай Назиров – YouTube-тағы пранк жанрындағы бастауыш актер. Зүлфия Омарова – Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі.

Алғашқы тапсырмада қатысушылар зат таңдады. Бұл – оларға өзімен бірге алып кіргізуге рұқсат етілген заттар. Бөлмелер тап-таза, жиһазы жоқ, тіпті төсек те жоқ. Қатысушылар бірінші түні еденде ұйықтайтын болады. Зүлфияның жолы болып, ол көрпеше мен ас жиһазын алып үлгерді. Абылай көрпеше алды, бірақ ол қолымен тамақтанады. Тиын жинап қана олар қосымша заттар ала алады: төсек, жастық, көрпе және өздерін тәтті тамақ пен кофе іше алады.

Тиын алу үшін, қатысушылар сайыста жеңу керек. Әрбір жеңісі – белгілі бір сома ақша. Оған қоса, инстаграм аккаунтта оларға дауыс беріледі, соның нәтижесі бойынша қатысушылардың бірі қосымша тиын алады.

“NESTEVATR” жобасында қатысушылар әлеуметтік желілердің заңымен өмір сүреді. Егер олар тәртіп бұзса, оларды аяқтарына қойылған электрошокермен ұрады. Бұл әлеуметтік желідегі дизлайк сияқты. Үш рет тәртіп бұзылса, қатысушылар банға жіберіледі: тәртіп бұзушы жақтың пердесі жабылып, бөлме қараңғы болады.


Шоу – қатысушылар еркін келісім берген үлкен сынақ. Олар 24 сағат бойы психолог пен атқарушы топтың бақылауында. Ең біріншіден қатысушылар өзінің бойындағы қорқынышты жеңіп, мықты болғысы келеді. Қатысуға ең үлкен түрткі болған көрермендердің махаббаты – қатысушылардың аккаунтындағы фотоларға қойылған лайктар. Осындай көрермендердің максималды түрде қатысуымен, сюжетті өзгертетіндей бағыттағы эксперимент Қазақстанда алғашқы рет өтуде.