Н.Назарбаев Түркістандағы "Конгресс холл" залымен танысты

0
687

1000 көрермен сияды.


Н.Назарбаев Түркістандағы

Қазақстанның тұңғыш президенті "Конгресс холл" көпфункционалды концерт залына барды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шара барысында Елбасы концерттерге, театрландырылған қойылымдарға, байқауларға, ғылыми конференцияларға және басқа да шараларға арналған көпфункционалды мәдени объектімен танысты.

Жаңа ғимаратта 1000 орындық көрермендер залы, төрт дайындық бөлмелері, әкімшілік кеңселері және балаларға арналған ойын бөлмесі болады.

Сонымен қатар сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жаңарған Ел – бақ қонған Ел» бейнеролигі ұсынылды.