«Әншілердің басына шығып алған» жастар елдің наразылығын тудырды

0
1 618

Әншілерге қойылған ескерткіштің басына шығып алған жастар елдің наразылығын тудырды. ​Жас жігіттер скерткіштің бірінің басына отырып, екіншісі тағы бірінің басына аяғын қойып суретке түскен.


«Әншілердің басына шығып алған» жастар елдің наразылығын тудырды

суреттер әлеуметтік желіден алынды

ERNUR.KZ. Әншілерге қойылған ескерткіштің басына шығып алған жастар елдің наразылығын тудырды. Жас жігіттер скерткіштің бірінің басына отырып, екіншісі тағы бірінің басына аяғын қойып суретке түскен. Тіпті екі ескерткіштің де басына шығып алып суретке түскендер де бар. Сурет әлеуметтік желіде тарап, елдің жастарға деген ашу-ызасын тудырды.

Бұл Алматының көрікті орындарының бірі "Көк Төбедегі" әйгілі «BEATLES» тобына қойылған ескерткіш болуы мүмкін. Бұл ескерткіш жанында қала тұрғындары мен қонақтары естелік суретке түсіп жатады. Суретте бұзақылар кәдуілгі орындыққа емес «әншілердің басына» шығып отырып алған.

Мәдениеттен жұрдай жастардың бұл әрекеттері желі қолданушыларының ашуына тиді. «Барғанда демалып отырайын десең барлық жері тапталып, шаң-шаң болып тұрады», «Өздерінің басына осылай отыру керек қой», «осындайларға айыппұл салып бюджетті біршама көтеріп алуға да болады» деген пікірлер жазылған.