Нұр-Астана мешітінің атауы әл-Фараби болып ауысты

0
626

Нұр-Сұлтан қаласындағы 15 жылдық тарихы бар «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту туралы ұсынысты Ғұламалар кеңесі берген болатын.


Нұр-Астана мешітінің атауы әл-Фараби болып ауысты

ERNUR.KZ. Нұр-сұлтан қаласындағы Нұр-Астана мешіті ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталады. Қызметкерлер мешіт атауының тақтайшаларын ауыстырып, іліп жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласындағы 15 жылдық тарихы бар «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту туралы ұсынысты Ғұламалар кеңесі берген болатын. Бұл ұсыныс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс төралқа мәжілісінде талқыланып, ҚМДБ бөлім басшылары, облыс имамдары мен Орталық аппарат қызметкерлері мешіт атауының өзгеруін қолдап, дауыс берді. Нәтижесінде мешіт ендігі таңда ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталады.

2005 жылдың 2 наурызында ашылған мешіт астанадағы Есіл ауданында орналасқан. Мешіт Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Сәнидың қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылған болатын. Орталықтың ашылуына сол тұстағы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Қағба мен Құран бейнеленген, сүрелер түсірілген жапқышты сыйға тартты.