Nur Otan партиясы «Халыққа көмек» әлеуметтік жобасының жұмысын бастады

0
1 231

Жоба негізінде елдегі барлық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысы жаңғыртылып, «Бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесі» арқылы қызмет көрсетіледі.


Nur Otan партиясы «Халыққа көмек» әлеуметтік жобасының жұмысын бастады

ERNUR.KZ. Nur Otan партиясы «Халыққа көмек» әлеуметтік жобасының жұмысын ресми түрде бастады, деп жазады 24.kz.

Жаңа бастама мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес қауымдастық арқылы жүзеге асырылады.

Жоба негізінде елдегі барлық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысы жаңғыртылып, «Бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесі» арқылы қызмет көрсетіледі. Айта кетейік, өткен жылы елдегі қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жалпы 140 мыңнан астам азамат өз өтініштерімен келген. Олардың 40 проценті оңтайлы шешімін тапты. Ең өзекті мәселелерге - халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, оның ішінде: зейнетақы алу, алимент өндіру, мүгедектікті анықтау, өзге де материалдық көмек сұрақтары енсе, екінші орында жұмыс мәселесі. Атап айтсақ, жалақы алу туралы еңбек даулары. Артынша баспанамен қамтамасыз ету, оның ішінде әр азаматқа тиесілі жер телімін бөлу мерзімінің ұзарып кетуі сынды шағымдар бар.

Мәулен Әшімбаев, Nur Оtan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Біздің азаматтарымыз телефон арқылы, имэйл арқылы немесе әлеуметтік желілерді пайдаланып, сондай-ақ ватсап арқылы немесе е-гов бар, ай-көмек бар, осындай жүйелер арқылы да біздің партиямызға өздерінің өтініштерін жіберуге мүмкіндіктері бар. Осы жолдармен келген барлық өтініштерді де біз мұқият қарайтын боламыз.