«Nur Otan» партиясының жауапты хатшысы тағайындалды

0
515

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған.


«Nur Otan» партиясының жауапты хатшысы тағайындалды

Асхат Оралов Nur Otan партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен Оралов Асхат Раздықұлы партияның жауапты хатшысы болып тағайындалды", - делінген партия хабарламасында.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде партия құрылымын қайта қарап, оңтайландыруды тапсырған болатын.

Бауыржан Байбек 2019 жылдың маусымынан бастап Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған. Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастады.

Әр жылдары Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Nur Otan партиясының филиалында, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасында, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, ҚР Қоғамдық даму министрлігінде жұмыс істеді.

2019 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды.

2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді.

2021 жылғы 12 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары қызметін атқарды.