Нұр-Сұлтан әкімі отставкаға кетуі тиіс пе?

0
771

Бұған дейін Байқоңыр ауданының әкімі пара алғаны үшін ұсталған болатын.


Нұр-Сұлтан әкімі отставкаға кетуі тиіс пе?

ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың отставкаға кету мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Себебі осыған дейін Байқоңыр ауданының әкімі пара алғаны үшін ұсталған болатын.

Бұл мәселені мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров түсіндірді.

"Бірінші басшысының жеке жауапкершілігіне қатысты заң өткен жылы 10 желтоқсанда күшіне енді. Ал Байқоңыр ауданының әкіміне қатысты қылмыстық іс өткен жылдың қараша айында қозғалды", - деді ол мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Директордың айтуынша, заңдағы жаңа өзгерістер Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне тарамайды.

"Байқоңыр ауданының әкімі бойынша сот өтті. Сот үкімі де шықты. Алайда оның заңға қайшы әрекеті қараша айында анықталды. Ол кезде бірінші басшының отставкаға кетуіне қатысты заң күшіне енбеген. Сондықтан осы талап астана әкіміне тарамайды деп санаймыз", - деді Ерлан Сапаров.