Нұр-Сұлтан әуежайында көлік жанып кетті – видео

0
921

Өртке бензин сорғысының қысқа тұйықталуы себеп болған


Нұр-Сұлтан әуежайында көлік жанып кетті – видео

ERNUR.KZ. Елордадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында жеңіл көлік өртеніп кетті, деп жазады sputniknews.kz.

Төтенше жағдай 2 маусым күні тегін тұрақ аймағында болды.


"Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына үш минуттан кейін келді. Тілсіз жау 10:39-да ауыздықталды", - делінген хабарламада.

Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, өртке бензин сорғысының қысқа тұйықталуы себеп болған. Оқиға кезінде көлік иесі мен электрик сол жерде болыпты.

Өртті сөндіруге әуежай қызметінің жеке құрамының алты адамы мен екі техника жұмылдырылды.

Бұған қоса, қаланың өрт қызметі мен жедел жәрдем бригадасы келді.