Нұр-Сұлтан әуежайының басшысы қызметінен босатылды

0
453

Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды.


Нұр-Сұлтан әуежайының басшысы қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ғабит Тәжімұратовтың "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы лауазымындағы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп жазады stan.kz.

"Жалғыз акционер – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешімімен 2022 жылғы 6 қыркүйектегі "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Тәжімұратов Ғабит Қалиұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", - делінген хабарламада. .

Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды.

Кадрлық шешімнің себептері министрлікте хабарланған жоқ.