Нұр-Сұлтан қаласына қар жауды

0
1 178

Қыркүйекте қар түсуі қалыпты құбылыс.


Нұр-Сұлтан қаласына қар жауды

Фото: sputniknews.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан астанасында қыркүйектің соңғы күні алғашқы қар жауды, деп жазады Zakon.kz.

Дүйсенбі, 30 қыркүйекте, Нұр-Сұлтан қаласында синоптиктер күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп болжайды. Күндізгі температура 5-7 градус болады.

- Қыркүйекте қар түсуі қалыпты құбылыс. Біз дауылды ескерту жасаған болатынбыз, - деді Қазгидромет синоптигі Саида Бердібекова.

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр жауады. Ал сейсенбі, 1 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендесе, күндіз 8-10 градусқа дейін көтеріледі.