Нұр-Сұлтан қаласынан барлық бағыттарға тас жолдар жабылды

0
628

Синоптиктердің мәліметі бойынша бүгін боран мен көктайғақ күтілуде.


Нұр-Сұлтан қаласынан барлық бағыттарға тас жолдар жабылды

ERNUR.KZ. Елордалық Төтенше жағдай департаменті ауа райының құбылуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды, деп жазады astana.gov.kz.

Синоптиктердің мәліметі бойынша бүгін боран мен көктайғақ күтіліп, жел екпіні 23 м/с құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі таңда департаменттің жедел штабы құрылып, оның құрамына ТЖД, қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің, аудандық әкімдік, «ҚазАвтоЖол» РМК қызметкерлері кірді.

Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында қаланың барлық бағыттарына тас жолдар жабылды. Елордалық Төтенше жағдай департаменті тұрғындарға мұқият болып, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағауды ескертеді.

Төтенше жағдай туындаса, «112» қызметі бойынша немесе 24-51-71, 24-51-47, 24-52-12 жедел байланыс телефон нөмірлері арқылы хабарласқан жөн.