Нұр-Сұлтан қаласындағы базарлардың бірінде жойқын өрт болды (фото)

0
1 158

"Big Шанхай" базарында 30 азық-түлік дүкені өртеніп кеткен.


Нұр-Сұлтан қаласындағы базарлардың бірінде жойқын өрт болды (фото)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы базарлардың бірінде ірі өрт болды, деп жазады sputniknews.kz.

Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Өрт сөндірушілер келгенде, жеке орналасқан "Ярмарка" көтерме тауар қоймасында 30 азық-түлік дүкені жанып жатқан.

"Big Шанхай" базарындағы өрт туралы хабар 03:49 кезінде түсті. Тілсіз жау 04:35-те ауыздықталып, 05:08-де толығымен сөндірілген.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, өрт аумағы 500 шаршы метр болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 44 адам мен елордалық төтенше жағдайлар департаментінің 12 көлігі жұмылдырылды.