​Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухана салынып бітті

0
1 003

Алматыдағы аурухана құрылысының да жақын күндері аяқталатыны белгілі болды.


​Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухана салынып бітті

Нұр-Сұлтан қаласында небәрі екі аптаның ішінде Covid-19 жұқтырғандарға арналған модульдік кешеннің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы «BI Group» құрылыс компаниясының директорлар кеңесінің басшысы Айдын Рахымбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Біз бұны жасадық. Мүмкін еместі істедік. Жақын күндері медицина қызметкерлерімен бірге құрылғыларды іске қосып, госпитальге тапсырамыз. Медицина қызметкерлері біздерді асықтырып жатыр. Олар осындай қауіпсіз технологиялардың барына қатты қуанып жүр. Екі апта бойы тынымсыз еңбек еткен құрылысшылар енді демалуы керек. Көз қорқақ, қол батыр деп осыны айт! Кім не десе де, біздің жігіттер үлкен жұмыс бітірді», – дейді Рахымбаев.


Сондай-ақ Айдын Рахимбаев жақын күндері Алматыдағы құрылыстың да аяқталатынын айтты.

Айта кетейік, Қазақстанда осындай үш аурухана тұрғызылады: Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте.