Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына қатысты мәселе биыл шешіледі

0
827

Әуежай қазіргі TSE кодының орнына NKZ, QAZ, NNZ, NZR, NRZ немесе NNV кодына ие болады.


Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына қатысты мәселе биыл шешіледі

ERNUR.KZ. Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы халықаралық әуе көлігі қауымдастығының өңірлік менеджері Фунда Чалиширмен кездесті, деп жазады sputniknews.kz.

"Кездесуде азаматтық авиация саласындағы әріпстестікті нығайту мәселесі қаралды. Тараптар Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының кодын өзгертуді талқылады", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Бұған дейін авиациялық комитет қазіргі TSE (Целиноград) кодының орнына NKZ, QAZ, NNZ, NZR, NRZ және NNV кодтары қарастырылып жатқанын хабарлаған болатын. Комитет бірнеше жыл бойы астаналық әуежайдың кодын өзгертумен айналысып келеді.

"Кездесу қорытындысында әуежай кодын өзгерту, тариф саясаты, ұшу және авиациялық қауіпсіздік мәселелерін бірлесе шешу жөніндегі келісім жасалды", - деді комитеттегілер.

Нұр-Сұлтан қаласына ұшатын әуе компаниялары әуежай кодын өзгертуді қолдады. Бұл мәселе 2019 жылдың қазан айында өтетін жолаушы стандарттарына (Passenger Standards Conference - PSC) арналған конференцияда шешімін табады.

Қазақстанның азаматтық авиация комитеті мен Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы әріптестіктің жаңа деңгейіне шығуды жоспарлап отыр.