Нұр-Сұлтан маңында 20 жылқыны пойыз басып кетті

0
758

Малшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Нұр-Сұлтан маңында 20 жылқыны пойыз басып кетті

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанға жақын жерде пойыз жиырма шақты жылқыны қағып кетті, деп хабарлады sputnik.kz.

Оқиға 18 наурыз күні сағат 03.00 шамасында Нұр-Сұлтаннан 60 шақырым жердегі Еркіншілік-Сарыоба учаскесінде болған.
Жүк пойызының машинисі қараңғыда теміржолдағы жануарларды бірден байқамай, 20 жылқыны қағып кеткен.
Оқиғаны тексеру барысында көлік полициясы түнде жылқыны қараусыз қалдырған 44 жастағы бақташыны анықтады.
Оның үстінен теміржол учаскесінде мал жаю фактісі бойынша Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабы бойынша хаттама толтырылды. Заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.