Нұр-Сұлтан мен Алматы ақша айырбастау пункттерінде доллар сатуды тоқтатты

0
938

Кейбір ақша айырбастау пунктерінде америкалық валюта 394,5 теңгеге сатылып жатыр.


Нұр-Сұлтан мен Алматы ақша айырбастау пункттерінде доллар сатуды тоқтатты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан мен Алматының біршама жеке ақша айырбастау пунктерінде доллар сатуды тоқтатты, деп жазады тengrinews.kz.

Сағат 13:30 кезінде Kurs.kz мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық дерлік ақша айырбастау пунктері америкалық валютаны сатуды доғарды

Алматыда да біршама ақша айырбастау пунктері доллар сатуды тоқтатты. Кейбір ақша айырбастау пунктерінде америкалық валюта 394,5 теңгеге сатылып жатыр.

Осыған дейін Brent мұнайының бағасы барреліне 31,43 долларға дейін құлағаны айтылды.