Нұр-Сұлтан-Павлодар тасжолында жолда қалған жүргізушілерге ыстық тамақ жеткізілді

0
795

Жүргізушілер 18 ақпаннан бері жолда қалған.


Нұр-Сұлтан-Павлодар тасжолында жолда қалған жүргізушілерге ыстық тамақ жеткізілді

ERNUR.KZ. Астаналық ТЖ департаменті қала әкімдігімен бірлесіп Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолында қалып қойған 90 жүк көлігінің және арнаулы техниканың жүргізушілері үшін ыстық тамақ ұйымдастырды, деп жазады ҚазАқпарат.

Құтқарушылар ТРЭКОЛ жол талғамайтын техникасының көмегімен қар құрсауында қалып қойған 100-ге жуық адамға ыстық тамақ жеткізген. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан-Павлодар жолы жабық. Тасжолды қардан тазалау жұмысына арнаулы 20 техника жұмылдырылды.