Нұр-Сұлтан полициясы көшеде пышақ ұстап жүрген ер адамды ұстады (видео)

0
1 026

Павлодар облысының 35 жастағы тұрғыны полицияның іздеуінде болған.


Нұр-Сұлтан полициясы көшеде пышақ ұстап жүрген ер адамды ұстады (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан полициясы көшеде пышағын жалаңдатып жүрген 35 жастағы ер адамды ұстады, деп жазады almaty.tv.

Тәртіп сақшылары қаруланған жігітті 11 шілде күні сағат 19.00 кезінде Қажымұқан көшесінде ұстаған.

«Полиция қызметкерлерінің заңды талабына ол барынша қарсылық көрсетті. Азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғанын көріп, шалт қимылдаған полиция аға лейтенанты Абзал Жолмахов пышақпен қаруланған ер адамды ұстады», – делінген хабарламада.

Ұсталған жігітті «Алматы» ауданының полиция басқармасына апарыпты.

Белгілі болғандай, Павлодар облысының 35 жастағы тұрғынына қатысты Ақмола облысының Полиция департаменті бұдан бұрын жедел іздеу шараларын жүргізген.