«НҰР-СҰЛТАН» Жайыққа жіберілді

0
1 103

Батыс Қазақстан облысының әкімі А.С. Көлгінов келді.


«НҰР-СҰЛТАН» Жайыққа жіберілді

ERNUR.KZ. Орал қаласында «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ қарасты «Зенит» зауытында құрастырылған «НҰР-СҰЛТАН» кемесі салтанатты түрде суға жіберілді, деп жазады baq.kz.

Аталған кәсіпорынның отызыншы өнімі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара әскерлеріне арнап жасалған.

Тапсырыс берушінің өтініші бойынша кемеге заманауи қару-жарақтар орнатылған. Сондай-ақ, кеменің қолданылу аясы кең, оңай басқарылады, жүзу жылдамдығы жоғары және қажетті дербестікке ие.

Кеме еліміздің мемлекеттік шекарасының аумақтық суларын және құрлықтық қайраңын күзету; заңсыз кемелердің жүруін, контрабандалық операцияларды, қарақшылық және заңсыз балық аулауды тойтару мақсатында торуылдау, өз бетінше және басқа да кемелер, катерлер және авиациямен бірге заң бұзушы кемелерді ұстау және тексеріп қарау сияқты мақсаттарға арналған.

Суға түсірілген кеме Жайық өзені арқылы Каспийге жеткізіліп, содан соң зауыттық және тағы да басқа тиісті сынақтан өтеді. Бұл – күштік құрылымдарды қазіргі заманғы отандық қару-жарақтармен қамтамасыз етудегі кезекті қадам. Айтып өту керек, бұған дейін де елімізде шығарылған кемелер мен катерлер ҚР Әскери-теңіз күштерінде, Шекара әскерлері сапында өздерінің тиімділігін дәлелдеуде.

Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі А.С. Көлгінов, ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметі мен «Қазақстан инжиниринг» АҚ басшылығы, Қарулы Күштер ардагерлері, «Зенит» зауыты» ұжымы және «НҰР-СҰЛТАН» кемесі экипажының жеке құрамы қатысты.