Нұр-Сұлтанда 4-қабаттағы терезеге шығып алған балалар құтқарылды

0
421

Пәтерде 3 және 1 жастағы екі бала ересектердің қарауынсыз қалған.


Нұр-Сұлтанда 4-қабаттағы терезеге шығып алған балалар құтқарылды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері көпқабатты пәтерде қараусыз қалған екі баланы құтқарып қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 6 қыркүйекте сағат 20:29 шамасында Молдағұлова көшесіндегі үйдің тұрғындарынан екі баланың 4-қабаттағы ашық терезеден сыртқа қарап тұрғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына дереу жеткен Ринат Мұхамеджанов пен Таскен Сәкен пәтер есігінен кірмек болды. Алайда есік жабық болғандықтан, пәтерге бірден бесінші қабаттың терезесі арқылы кіруді ұйғарады. Патрульдердің бірі беліне арқан байлап, терезеден төменгі қабатқа түсе бастайды, екіншісі серіктесіне көмектесіп тұрады. Полицейлер пәтерге терезеден кіргенде, онда 3 және 1 жастағы екі бала ересектердің қарауынсыз отырғанын көреді», - делінген хабарламада.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен балаларды қараусыз қалдырып кетудің салдары туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.