Нұр-Сұлтанда автобуста оқушы қыздың денесіне қол жүгірткен ер адам ұсталды

0
462

Әлеуметтік желілерде аталған дерекке қатысты видео тарап кетті.


Нұр-Сұлтанда автобуста оқушы қыздың денесіне қол жүгірткен ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік ішінде оқушы қыздың денесіне қол жүгіртіп, сипалаған ер адам қолға түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 19 мамыр күні сағат 20.12-де Сарыарқа аудандық ішкі істер бөліміне қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған қызға тиіскен белгісіз ер адамға қатысты шара қолдану туралы арыз түскен.

«Қазіргі уақытта ол азамат ұсталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ПД өкілдері.

Айта кетсек, әлеуметтік желілерде елордалық тұрғын өзінің кәмелеттік жасқа толмаған қызын автобуста әлдебір ер адамның қорлағаны туралы видеосы жарияланған болатын. Әйелдің айтуынша, автобустағы жолаушылар ер адамның әрекетіне мүлдем немқұрайлылық танытып, қызға көмектеспеген. Қатты қорыққан қыз анасының телефонына болған оқиға туралы жазған. Анасы дереу бейнеқоңырау шалып, ер адамға ескерту жасағанда ол дереу қашып кеткен.