Нұр-Сұлтанда балабақшадан төрт бала қашып кеткен

0
486

Балалар қоршаудағы кішкене тесік арқылы сыртқа шыққан.


Нұр-Сұлтанда балабақшадан төрт бала қашып кеткен

ERNUR.KZ. 16 мамырда желіде төрт баланың балабақшадан қашып, құрылыс алаңына ойнауға барғаны түсірілген видео пайда болды, деп жазады zakon.kz.

Аталған факті бойынша қалалық білім басқармасы №73 "Аяулым" балабақшасында қызметтік тексеру жүргізді.

Балабақша меңгерушісімен әңгіме жүргізіліп, жазбаша түсініктеме алынды.

"Балаларды сыртқа серуендеуге шығарғанда төртеуі балабақша аумағынан қашып кеткені анықталды. Балалар қоршаудағы кішкене тесік арқылы сыртқа шыққан. Көп ұзамай олар табылып, балабақшаға қайтарылған", - деп жазады Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы.

Қазіргі уақытта балалар балабақшада, олардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, медициналық тексеру кезінде балалардың денесінен жарақат, көгерулер, сырулар тіркелген жоқ.

"Өз лауазымдық міндеттеріне немқұрайлы қарау фактісі бойынша тәрбиеші мен шаруашылық бөлімінің меңгерушісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы.

Ведомствоның мәліметінше, балабақша меңгерушісіне қатысты білім басқармасының тәртіптік комиссиясының отырысында қарау үшін материалдар жиналып, дайындалды.