Нұр-Сұлтанда Беларусь Республикасы Елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

0
872

Беларусь елшілігінің жаңа заманауи кешені қаланың қарқынды дамып жатқан ауданында орналасқан.


Нұр-Сұлтанда Беларусь Республикасы Елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

Ресми ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин, сондай-ақ, екі елдің іскерлік және дипломатиялық орталарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Этникалық бейнесі мен кең функционалды мүмкіндіктері бар Беларусь елшілігінің жаңа заманауи кешені қаланың қарқынды дамып жатқан ауданында, Қошқарбаев көшесі 9-да орналасқан, оған жақын маңдарда басқа елдердің елшіліктері, конвенционалдық, білім беру, мәдени-ойын-сауық мекемелері, қызмет көрсету және тамақтану кәсіпорындары орналасқан.

Ашылу рәсімі көпқырлы қазақстандық-беларусьтік диалогтың даму тарихында маңызды тармақ болып саналады, ал Қазақстандағы Беларусь жерінің бөлшегі біздің азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өркендеуінің өсуіне бағытталған екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді ынтымастастықты арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатын жер болмақ.

Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Елшілігінің Ғимараттар кешенінің жобасын «Тұрғын үй институты – С.С. Атаев атындағы ҒЗЖТҚИ» ММ әзірлеген.

Елшіліктің ғимараттар кешені әкімшілік ғимараттан тұрады, онда қабылдау залы, конференц-зал, келіссөздер бөлмесі, қызметкерлердің кабинеттері, кітапхана, сондай-ақ тұрғын үй бар, тұрғын үйде 10 пәтер, 2 қонақ үй бөлмесі, жерасты паркингі және Беларусь Республикасы Елшісінің резиденциясы қарастырылған.

Беларусь Елшілігі «дипломаттық орамда» орналасқан, бұл жерде АҚШ, Корея Республикасының елшіліктері, Ресей Елшісінің резиденциясы бар, сондай-ақ бірқатар дипломатиялық өкілдіктердің (ҚХР, БАӘ, Сауд Арабиясы, Өзбекстан ) ғимараттарының құрылысы жүргізілуде.