Нұр-Сұлтанда бүгіннен бастап қозғалыс шектеледі

0
943

1 маусымда "Қазақ Елі" алаңында балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді


Нұр-Сұлтанда бүгіннен бастап қозғалыс шектеледі

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда 30 мамыр мен 1 маусым аралығында қозғалыс ішінара шектеледі, деп жазады sputniknews.kz.

2019 жылдың 1 маусымында "Қазақ Елі" еліміздің бас алаңында елорда тұрғындарының қатысуымен балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді.

"Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық ұжымдарының шеруіне байланысты 2019 жылдың 30 мамыры мен 1 маусымы күндері сағат 07.00-ден 13.00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласында мына көшелерде қозғалыс шектеледі: Тәуелсіздік көшесі мен Нәжмеденов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін; Байтұрсынов көшесі мен Тәуелсіздік көшесінен Аманжолов көшесіне дейін; Аманжолов көшесі Байтұрсынов көшесінен Нәжмеденов көшесіне дейін; Нәжмеденов көшесі Аманжолов көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін", - деп жазылған әкімшілік полиция басқармасының хабарламасында.