Нұр-Сұлтанда директор мектеп ішінен бильярд ашып алған

0
1 392

Мектеп әкімшілігі бұл балаларға арналған бильярд үйірмесі деп шыққан. Бірақ ата-аналар балаларымыз бильярд ойнаған емес дейді.


Нұр-Сұлтанда директор мектеп ішінен бильярд ашып алған

ERNUR.KZ. Астаналық №15 мектеп директоры мектеп ғимаратының астыңғы қабатын бильярд залына айналдырған. Агенттікке осындай да шағым келіп түсті деді бүгін Ұлттық бюро брифингінде Нұр-Сұлтан бойынша аумақтық департамент жетекшісі Жазира Жылқышиева, деп жазады Zakon.kz.

Директор – еркек емес, әйел адам.

Мектеп әкімшілігі бұл балаларға арналған бильярд үйірмесі деп шыққан. Бірақ ата-аналар балаларымыз бильярд ойнаған емес дейді.

"Мектеп басшылығы бильярдты балалар үшін ашқанын айтады. Бірақ ол залдың балаларға арналмағаны анық. Үлкен бөлмеде бильярд столы, жұмсақ жиһаз қойылған. Бильярд залына балалар мен ата-аналарды кіргізбеген. Қазір тексеру жүріп жатыр. Барлық фактілер анықталғаннан кейін толық комментарий береміз. Мектеп басшысын жұмыстан босатқан жоқпыз, әзірге фактілер тексерілуде" – деді ол.

Оның сөзінше, халық көбінесе білім беру мекемелеріне шағымданады. Әдетте ақша жинату деректерін хабарлайды. Екінші ең жиі түсетін шағымдар – жолдарды жөндеу сапасына қатысты.