Нұр-Сұлтанда ер адам әйелінің көзінше 10-шы қабаттан секіріп кетті

0
647

Оқиға 15 сәуір түскі екілер шамасында болған, 63 жастағы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Нұр-Сұлтанда ер адам әйелінің көзінше 10-шы қабаттан секіріп кетті

ERNUR.KZ. Елордада 63 жастағы ер адам көппәтерлі тұрғын үйдің оныншы қабатынан секіріп кетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ер адам оқиға орнында көз жұмды.
"1957 жылғы азаматтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әйелінің айтуынша, 15 сәуір 13.48-де күйеуі 10-шы қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кеткен", - делінген хабарламада.
Полиция департаменті қылмыстық іс аясында тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.