Нұр-Сұлтанда кең ауқымда «Кальмар ойыны» өтеді

0
1 320

Ойын 5 кезеңнен тұрады. Барлық кезеңнен өткен қатысушылар ақшалай сыйлыққа ие болады. Сыйақы қоры – 500 000 теңге.


Нұр-Сұлтанда кең ауқымда «Кальмар ойыны» өтеді

Жеңімпаз қомақты қаражатқа ие болады, деп жазады ulysmedia.kz.

Квест «Кальмар ойыны» телехикаясына ұқсас өтеді, бірақ адам өміріне қауіп төндірмейді. Инстаграмдағы sxodim.astana паблигінде қатысушыларды автобуспен ойын өтетін жерге апарып, ойын аяқталған соң қалаға жеткізіп тастайтыны жазылған.

Ойын 5 кезеңнен тұрады. Барлық кезеңнен өткен қатысушылар ақшалай сыйлыққа ие болады. Сыйақы қоры – 500 000 теңге.

Бірінші орын – 200 000 теңге. Қалған ойыншылар 300 мың теңгені бөлісіп алады.

Ойын 29 қазан күні сағат 12:00-де өтеді. Өтетін орны – «Балқарағай» демалыс орны. Қатысу құны – 9000 теңге.