Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 138 адам изоляцияланды

0
569

Қазіргі уақытта инфекция жұқтырған жаңа топпен байланыста болғандар анықталып жатыр.


Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 138 адам изоляцияланды

ERNUR.KZ. Елордада коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 138 адам изоляцияланды Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті, деп жазады Елорда Инфо.

Қазіргі уақытта инфекция жұқтырған жаңа топпен байланыста болғандар анықталып жатыр.
«Жақын байланыста болған адамдарды анықтау бойынша жұмыс аяқталды, яғни олар отбасы мүшелері және ұшақ бортында екі орындық қашықтықта отырған тұлғалар. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының стационарларына 138 адам, ал үй карантиніне 323 адам жатқызылды.
Сәуле Қисықованың айтуынша инфекция анықталған 7 адам осыған дейін коронавирус жұқтырғандармен байланысты болғандар.
«Олар бірден үй карантиніне жатқызылып, лабораториялық зерттеу жүргізілді. Біз госпитализациялау және байланыста болған азаматтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», - дейді басқарма басшысы.
Айта кетейік, елордада 25 адам, ал Алматы қаласында 19 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.