​Нұр-Сұлтанда коронавирустан 10 адам жазылып шықты

0
530

Қазақстанда барлығы 13 адам қауіпті індеттен жазылып шықты.


​Нұр-Сұлтанда коронавирустан 10 адам жазылып шықты

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда коронавирусты жұқтырған 10 адам ауруханадан шығарылады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп жазады тengrinews.kz.

"Шағым жоқ, жағдайлары тұрақты. Олар екі рет зертханалық талдаудан өтті. Олар екі апталық үй карантиніне жіберіледі", - деді ол.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың саны 204-тен асты. Нұр-Сұлтанда 117 науқас бар.