Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды

0
673

43 жастағы ер адам әйелінің үстіне бензин төгіп, өртеп жіберген.


Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел қайтыс болды. Ақпаратты елордалық травматология және ортопедиялық ҒЗИ өкілдері растады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Денесін 75 пайыз күйік шалған науқас 2019 жылы 10 қарашада 1:35-те қайтыс болды", - делінген институт баспасөз хабарламасында.

Нұр-Сұлтан қалалық ПД мәліметінше, осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша іс қозғалған. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Полиция мәліметінше, 43 жастағы ер адам әйелінің үстіне бензин төгіп, өртеп жіберген.