Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады

0
844

Оқыс оқиға елорданың сол жағалауында "Астана-Опера" театрының жанындағы нысанда болды.


Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда құрылыс нысанында кран құлады, деп жазады sputniknews.kz.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға кеше таңғы сағат 09.24-те "Сенсата Парк" тұрғын үй кешенінде болған. Құрылыс нысанын "Sensata Construction" кәсіпорны салып жатыр.

Кран жүк көтеріп жатқан кезде құлаған.

Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Кранда отырған адам ішінен шығып үлгерген.

Құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешені Тұран даңғылында "Астана Опера" театры мен "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығының арасында орналасқан.