Нұр-Сұлтанда медициналық жедел жәрдем музейі ашылды

0
1 898

Мұнда барлығы 50-ден астам экспонат қойылған.


Нұр-Сұлтанда медициналық жедел жәрдем музейі ашылды

ERNUR.KZ. Музейде келушілер назарына жедел жәрдем қызметінің 90 жылдық тарихынан сыр шертетін құралдар мен түпнұсқа құжаттар, сондай-ақ тарихи суреттер қойылған, деп жазады baq.kz.

«Музей 1930 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі атқарылған қызметтерді қорытындылау, медицина саласының қаншалықты дамығандығын көрсету мақсатында ашылып отыр. Экспозицияға негізінен біздің қызметіміздің қалыптасу тарихынан сыр шертетін түпнұсқа құжаттар, құралдар мен тарихи фотосуреттер қойылған. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық құрал-жабдықтар, біздің қызметкерлеріміздің әр түрлі жылдардағы формасы ұсынылды», – дейді ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы Еділ Шалов.



Мұнда барлығы 50-ден астам экспонат қойылған. Олардың бір бөлігі осы уақытқа дейін қалалық қосалқы станцияларда сақталған болатын. Бір бөлігін өңірлерден әріптестер ұсынды.

«Оларды кез келген адам көре алады, яғни бұл тек біздің қызметіміз бен әріптестеріміз үшін ғана емес. Бұл мектеп оқушылары, біздің қызметтің ардагерлері және қала тұрғындарына да арналған. Коллекция толықтырылады. Біздің қызметіміздің тарихымен байланысты қызықты және құнды заттарды кез келген адам өз қалауымен бізге тапсыра алады», – деп түйіндеді ол.