Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина салу басталды

0
2 458

1 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанда барлығы 2126 адам коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды.


Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина салу басталды

ERNUR.KZ. 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда КВИ-ға қарсы екпені мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады, деп жазады zakon.kz.

Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді.

Осы санаттағы адамдарды вакцинациялау үшін Нұр-Сұлтанда 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе егу бөлмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ екпе салдыртуда ведомствоаралық ұйымдар да қатысады.

Мұғалімдер мен тәрбиешілерге вакцинация АМСК ұйымдарына білім беру ұйымы бекітілген жері бойынша жасалады. Вакцина алатындардың тізімдері жасалды, тиісті емханаларға жіберілді, - деп мәлімдеді Басқармада.

1 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанда барлығы 2126 адам коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды. Өткен демалыс күндері Басқарманың қоймаларына 7 мыңнан астам жаңа доза вакцина түсті.