Нұр-Сұлтанда плакат ұстаған бір топ адам көшелермен жүріп өтті

0
947

Адамдар Қытайдың Қазақстанда 55 зауыт салу жоспарына қарсы.


Нұр-Сұлтанда плакат ұстаған бір топ адам көшелермен жүріп өтті

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда плакат ұстаған бір топ адам көшелермен жүріп өтті, деп жазады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде осы оқиғаның суреттері пайда болды. Соларға сәйкес, бір топ адам Республика даңғылымен, сондай-ақ қалалық әкімдік алдындағы алаңда болған.

Адамдар Қытайдың Қазақстанда 55 зауыт салу жоспарына қарсы. Осыған дейін, ІІМ мен СІМ бұл мәліметтің жалған екенін айтқан еді.

Нұр-Сұлтан әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері жиналғандарға қоғамдық даму істері жөніндегі басқарма басшысы Талғат Рахманберді шығып, олардың әрекеті заңсыз екенін түсіндіргенін айтады.

Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, жиналғандар біршама уақыттан соң тараған.