Нұр-Сұлтанда шаңғы базасы салынады

0
450

Астанаға бір ғана шаңғы базасы аздық етеді.


Нұр-Сұлтанда шаңғы базасы салынады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев «Астана Парк» қонақүйінің жертөлесінде жаттығып жүрген шаңғышылардың мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Кейінгі жылдары бізде шаңғы базасына байланысты үлкен мәселе қалыптасып отыр. Өзіміздің базамыз болған жоқ. «Астана парк» жеке меншік нысан болғандықтан, бізге жалға беріп келді. Ол база шаңғы спортына маманданбағандықтан, спортшыларға жағдай жасалмаған. Бұл мәселе әкімдік деңгейінде көтерілді, арнайы жер телімі бөлінетін болды. Жобалық-семталық құжаттамаға жобасын ұсындық. Келесі 2023 жылы біздің өз шаңғы базамыз болады деп ойлаймын», - деді басқарма басшысы.

Айтуынша, астанаға бір ғана шаңғы базасы аздық етеді.

«Орны әлі нақтыланған жоқ. Негізі жаңадан ондай нысан салу үшін уақыт керек. Бір ғана база аз болады. Өйткені бұл бұқаралық спорт түріне жатады. Қыста жыл сайын «Бұрқасын» маусымын ашамыз. Шаңғы спорты астанамызда жақсы дамып келеді. Спортшыларымыз чемпионаттарда сәтті өнер көрсетіп жүр», - деді Самат Жылқыбаев.