Нұр-Сұлтанда шатырдан құлаған қар бірнеше көлікті басып қалды (видео)

0
2 504

​Көлемді қар үйіндісі ғимарат шатырынан түнгі уақытта құлаған. Ал оқиға "Технопарк" өндірістік аймағында болған.


Нұр-Сұлтанда шатырдан құлаған қар бірнеше көлікті басып қалды (видео)

ERNUR.KZ. Шатырдан құлаған қар бірнеше көлікті басып қалған сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Іnstagram желісіндегі astana_sergek парақшасында оқиға орнында түсірілген бірнеше видео жарияланды. Ғимарат шатырынан көлемді қар үйіндісі түнгі уақытта құлаған. Ал күндізгі уақытта түсірілген видеода автор бес көлік қар астында қалғанын айтады.

Видеодан автокөліктердің сау-тамтығы қалмағанын байқауға болады.




Ал ғимарат қабырғасында "Абайлаңыз, қар құлауы мүмкін!" деген ескерту ілінген.

Желі қолданушыларының көпшілігі оқиғаның "Технопарк" өндірістік аймағында болғанын жазып жатыр.