Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус анықталды

0
585

Қазақстан бойынша жалпы 54 науқас тіркелді.


Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 29 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 54 науқас тіркелді,
- делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ресми парақшасында.