Нұр-Сұлтанда теракт жасамақ болған адам ұсталды

0
802

Одан үйде жасалған жарылғыш зат табылған.


Нұр-Сұлтанда теракт жасамақ болған адам ұсталды

ERNUR.KZ. 2020 жылғы 25 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижелері бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті деструктивті діни ағымның өкілі ұстады, деп жазады zakon.kz.

Ол ДАИШ халықаралық террористік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясына елітіп, астанада теракт жасамақ болған деген күдікке ілініп отыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде одан жарылғыш элементтері бар үйде жасалған жарылғыш зат тәркіленді.
Бұл адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24 және 255-баптары, яғни "Терроризм актісіне дайындық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу әлі жүргізіліп жатыр.