Нұр-Сұлтанда төрт подъезд карантинге жабылды

0
650

Тұрғындар екі аптаға созылатын карантин талаптарын сақтап, үйден шықпауы тиіс, подъезд жанында полицейлер кезекшілік атқарады


Нұр-Сұлтанда төрт подъезд карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда әртүрлі тұрғын үй кешендеріндегі төрт подъезд карантинге жабылды. Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Екінші мамырда әртүрлі тұрғын үй кешендеріндегі төрт подъезд карантинге жабылды, оның ішінде "Номад" кешені бар. Тұрғындарға үйден шығуға болмайды, олар үй карантинінде болуы тиіс, бұл подъездерге басқа адамдарға келуге тыйым салынады", - деді Олжабаева.
Подъездерде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді, деп нақтылады ол.

Үйдің аумағы қоршауға алынған, подъездердің жанында полицейлер кезекшілік атқарады.

Подъездер карантинге қалалық бас санитар дәрігердің қаулысымен жабылады. Бұл шаралардың барлығы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолға алынды, деді әкімдіктегілер.

Қазіргі уақытта елордада 686 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді, оның ішінде 268 адам дерттен сауықты. Үш адам қайтыс болды.