Нұр-Сұлтанда ТЖД қызметкері мен полицей мұз астына құлап кетті

0
1 228

Көмекке басқа полиция қызметкерлері келіп, суға кеткен үшеуді шығарып алды.


Нұр-Сұлтанда ТЖД қызметкері мен полицей мұз астына құлап кетті

ERNUR.KZ. Елордада Есіл өзеніне бірден үш адам батып кете жаздады, деп жазады Zakon.kz.

Оқиға 26 наурыз күні орын алған. "Талас 201" автопатрулінің қызметкерлері - полиция лейтенанты Руслан Бүркітбаев пен полиция аға лейтенанты Дәулет Әбуовке сағат 18:10 "ҚазМЗУ" университетінің артқы жағында Есіл өзеніне бір адамның батып бара жатқаны жайлы хабар түскен.

"Оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен полиция қызметкерлері ТЖД мамандарымен бірлесіп, батып бара жатқан адамды құтқару шараларын қолданған. ТЖД қызметкері ер адамға мұз үстімен жорғалап барып, оны байлап алады. Тарту кезінде мұз салмаққа шыдас бере алмай, опырылып кетіп, суға жапа шегуші, ТЖД қызметкері мен полицей түсіп кеткен. Көмекке басқа полиция қызметкерлері жетіп, суға батқан үшеуді шығарып алған," - деп хабарлап отыр ПД баспасөз қызметі.

Суға батып кете жаздаған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар мұзды суға түсіп кеткен ТЖ қызметкерлері мен полицейге де медициналық көмек көрсетілді.

"Азаматтарға ескерте кеткенді жөн деп санаймыз, қазір өзен бетіндегі мұз жұқа, сондықтан су қоймасын мұз арқылы кесіп өтпегендеріңіз абзал. Сақ болыңыздар! "- деді Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.