Нұр-Сұлтанда жалаңаш ер адам жылытылатын аялдамада полицейлерге қарсылық көрсетті (видео)

0
650

Белгісіз ер адам жылытылатын аялдаманы қиратпақ болған.


Нұр-Сұлтанда жалаңаш ер адам жылытылатын аялдамада полицейлерге қарсылық көрсетті (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда жалаңаш ер адам жылытылатын аялдаманы қиратпақ болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полицейлердің мәліметінше, 25 желтоқсанда түнгі сағат 3-те белгісіз ер адам Бейбітшілік көшесіндегі жылытылатын аялдаманы қиратпақ болып жатқанын хабарлаған.

"Полиция қызметкерлері оқиға орнына келгенде қоғамдық тәртіпті бұзып жатқан ер адамды көрген. Ол киімін шешіп тастап, аялдаманы қиратпақ болған. Полицейлер оны ұстайын дегенде қарсылық көрсетіп, қорқытқан. Бірнеше минут ішінде полицейлер оны ұстады", - делінген хабарламада.

Полицейлердің мәліметінше, ұсталған ер адам 1975 жылғы, аты-жөні - Артем Беленький. Оның осыған дейін қарақшылық пен ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болғаны анықталды. Сол күні ол мас күйде болған.

"Ер адам таяуда бостандыққа шыққан. Елордада тұрақты тұрғылықты мекенжайы жоқ. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомстводағылар.