Нұр-Сұлтанда жасөспірімдер ролик түсіру үшін банк "тонады"

0
569

​Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.


Нұр-Сұлтанда жасөспірімдер ролик түсіру үшін банк

ERNUR.KZ. Банк менеджері полицияға хабарласып, ғимаратта белгісіз адамдар клиенттерге қауіп төндіріп жатқанын айтқан, деп жазады Zakon.kz.

Тексеру барысында 14-15 жас аралығындағы кәмелетке толмаған үш жасөспірім банкті тонау сәтін видеоға түсіру үшін Достық көшесіндегі банк ғимаратына баса-көктеп кіргені белгілі болды. Олар ойыншық мылтықты қолдана отырып, видео түсіріп, содан кейін қашып кеткен.Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Жасөспірімдер табылып, полицияға жеткізілді, олардың заңды өкілдері де шақырылды.

Кәмелетке толмағандардың айтуынша, олар көркем роликтер шығаратын киноакадемияға бір жыл бойына барып жүрген. Сабақ барысында олар жетекшілерінен банкті тонау видеосын түсіру туралы тапсырма алады. Банк ғимаратына кіріп, сценарий бойынша қыз өзінің серігіне ойыншық қаруды бағыттайды, ал үшіншісі осы сәтті видеоға түсіреді. Бұл уақытта залда клиенттер болған.

Аталған факті бойынша клуб басшысына қатысты Әкімшілік кодекстің 128 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жауапкершілік алды. Ата-аналарға қатысты Әкімшілік кодекстің 435 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.