Нұр-Сұлтанда жол ортасында билей кеткен жол полицейі елді күлдірді (видео)

0
793

Жол сақшысы әуелі телефонмен сөйлеседі де, кейін билей жөнеледі.


Нұр-Сұлтанда жол ортасында билей кеткен жол полицейі елді күлдірді (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда жол ортасында қызмет етіп тұрған полицей билей жөнелді. Бұл видео желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды, деп жазады Stan.kz.

Оқиға елордада болды. Жол сақшысы әуелі телефонмен сөйлеседі де, бірден қуаныштан билей жөнеледі. Желі қолданушылары әртүрлі пікір жазып жатыр.

"Мүмкін балалы болғанын естіп, қуаныштан билеп жүрген шығар", "Не де болса, есінен тана қуанып жүр", "Қандай жағдай болса да, жұмысын дұрыс атқаруы керек", - дейді олар.

Желіде тараған видеоға Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова жауап берді.

"Бұл тұрақта түсірілген фильм эпизоды. Көктемде, мамыр айында түсірілген. Полицей ролінде актер ойнап тұр", - деді София Қылышбекова.