Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді (видео)

0
841

Алғашқы өрт сөндірушілер жеткен уақытта 9.21-да автобустың артқы бөлігі мен қозғалтқыш бөлігі жанған.


Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 24 қазанда Момышұлы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған.


"51-ші бағытта жүретін автобус өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - деді "Астана LRT" компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Науат Азанбаева.

"24 қазанда 9.17-да Нұр-Сұлтанда "101" пультіне Момышұлы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер жеткен уақытта 9.21-да автобустың артқы бөлігі мен қозғалтқыш бөлігі жанған. Салонда жолаушылар болмаған. Қабылданған шаралар барысында өрт 9.31-де сөндірілді. Өртті сөндіруге астаналық ТЖД жеке құрамының 13 адамы мен екі арнайы техника жұмылдырылды", - деді ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері.


Осыған дейін, Алматыда автобус өртенгені туралы жазған болатынбыз. Ешкім зардап шеккен жоқ.