Нұр-Сұлтанда жолдың қақ ортасында төбелескендер жазаланды

0
781

Оқиғаға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Нұр-Сұлтанда жолдың қақ ортасында төбелескендер жазаланды

ERNUR.KZ. Мониторинг барысында Бөгенбай батыр даңғылы бойында «Газель» және «Мерседес» маркалы автокөлік жүргізушілері төбелескені анықталды, деп жазады aikyn.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізушілер бір-біріне жол бермей, жанжалдасқан. Төбелескендердің барлығы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Оқиғаға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер қауіпсіздік үшін жол ережесін сақтауға шақырады.