Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысты: 11 адам зардап шекті (видео)

0
863

Екі адам ауруханаға жеткізілді, полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр


Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысты: 11 адам зардап шекті (видео)

ERNUR.KZ. Жексенбі күні Нұр-Сұлтанда Тілендиев көшесінде автокөлік пен шағын автобус жол апатына ұшырады, деп жазады sputniknews.kz.


Жүк көлігінің жүргізушісі шағын автобусты соққан, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова.

Апат салдарынан шағын автобустың он бір жолаушысы зардап шекті, олардың екеуі ауруханаға жатқызылды.

Нұр-Сұлтан полициясы оқиғаны алдын ала тергеуді бастады, қажетті сараптамалар тағайындалды. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.