Нұр-Сұлтандағы карантин: жаңа қаулы жарияланды

0
1 144

Қаулы 12 сәуірде күшіне енеді.


Нұр-Сұлтандағы карантин: жаңа қаулы жарияланды

ERNUR.KZ. Елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова елордада шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп жазады Tengrinews.kz.

Өткен қаулының мына тармақтары өзгеріссіз қалады:

  • кинотеатр, боулинг, балалар ойын-сауық орталықтарына тыйым салынады;
  • қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі сақталады;
  • СОО, базарлар мен фитнес-клубтар тек жұмыс күндері жұмыс істейді;
  • тамақтану, сауна және СПА тек жұмыс күндері жұмыс істейді.
  • Қоғамдық тамақтандыру мекемелері демалыс күндері жеткізумен жұмыс істейді.

Биыл IV тоқсанда білім беру нысандарында оқытуды былай ұйымдастыру тапсырылды:

  • дәстүрлі форматта 2021 жылғы 19 сәуірден бастап ата-аналардың өтініші бойынша оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 10 адамнан аспайтын қалалық мектептерде;
  • білім беру объектілерінің жұмысын қашықтықтан оқыту тәртіпте ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар) қоспағанда, олар үшін оқыту аралас форматында (пәндердің 70 пайызы - дәстүрлі форматта, 30 пайызы - қашытан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша.

Құжатқа сәйкес, жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттері қашықтан оқуын жалғастырады.

Қаулы 12 сәуірде күшіне енеді.

Жаңа қаулыны мына сілтемеден оқи аласыз.