Нұр-Сұлтандағы жерүсті метроға тағы 2 миллиард доллар қажет

0
847

Қаржы жоқ, бірақ шенеуніктер құрылысты қалай да бітіреміз деп сенімді.


Нұр-Сұлтандағы жерүсті метроға тағы 2 миллиард доллар қажет

ERNUR.KZ. Үкімет жерүсті метросының құрылысына ақша іздеуге кірісті, деп жазады ktk.kz.

Бірақ қаржының қашан табылатыны белгісіз. Десек те, шенеуніктер құрылысты қалай да бітіреміз деп сенімді түрде айтып отыр.

"Бұл жобаны әрі қарай жүргізу қажет. Қазір мемлекеттік Қытай банкімен қазір тиісті келіссөздер жүргізілуде. Бұны әрі қарай іске асыру үшін Қазақстанның ішінен тиісті қаржыны табамыз", - деді қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Құрылыстың тоқтап қалғанын өткен аптада Елорда әкімі премьер-министрге жеткізген еді. Бұған Қытайдың даму банкі бөлген ақшаның таусылуы себеп. Қазір метроны салып жатқан қытайлық консорциум уәде етілген қаржының кезекті бөлігін күтіп отыр. Әйтсе де, тоқтап қалған құрылыстың қашан жанданатыны белгісіз.

Айта кетейік, "Нұрлы жол" вокзалы мен әуежай арасын жалғауы тиіс тиіс жоба он жыл бұрын бекітілген еді. Алайда 2 миллиард долларға бағаланған 22 шақырымдық метро жолының қазір бетондары ғана қалқайып тұр.