Нұр-Сұлтанға кіріп-шығу үшін ПТР нәтижесі қажет: Қаланың бас санитарлық дәрігері түсіндірді

0
1 234

Қазір мұндай талаптар жоқ, дейді қаланың бас санитарлық дәрігері.


Нұр-Сұлтанға кіріп-шығу үшін ПТР нәтижесі қажет: Қаланың бас санитарлық дәрігері түсіндірді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтаннан шыққан кезде ПТР теріс нәтижесінің болуы және қала маңында блок-бекеттердің орнатылуы мәселелеріне қатысты елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Палиева айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Ол қалаға кіріп-шығу еркін екенін, ПТР нәтижелері қажет емес екенін айтты.


"Нұр-Сұлтанға кіріп, шығу кезінде ПТР тестілеу нәтижелері сұралмайды. Қазір мұндай талаптар жоқ. Қала қызылы аймақта болғаннан кейін, барлығы ШҚО-мен салыстырып жатыр. Бірақ ШҚО-да вирус жұқтырған науқастар саны өте көп, аурушаңдық деңгейі жоғары. Олардың халқы 300 мыңға жуық адамды құрайды, ал біздің тұрғындар саны - 1,2 миллион адам. Сндықтан олар бірден қатаң шараларды енгізді. Бізде 10 желтоқсаннан бүгінге дейін жағдай сәл де болса жақсарды. Егер вирус жұқтырғандар саны өсетін болса, шаралар қатаңдатылуы мүмкін", - дейді Палиева.


Сонымен қатар, кезекші сыныптарға баратын оқушылар осы тоқсанды офлайн форматта аяқтай алады.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан коронавирустың таралуына байланысты "қызыл" аймаққа кірді.